EcoSat жобасы аясындағы экологиялық акция жоғары деңгейде өтті

Бүгін Сәтбаев қаласы әкімдігінің қолдауымен, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен EcoSat экологиялық жобасы аясында ерекше акция өткізілді.

Акция шарты бойынша қатысушылар 3 қап қоқыс жинап тапсырғаны үшін 3000 теңгелік сертификатқа ие болды. Іс-шараға 80-ге жуық жас қатысып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты.

Акцияның негізгі мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тазалыққа жауапкершілікпен қарауды насихаттау, қала тұрғындарын қоршаған ортаны таза ұстауға шақыру және қоқыс тастамау мәдениетін дамыту.

Шара барысында қатысушылар қаланың әр аумағынан қоқыс жинап, туған жердің тазалығы мен көркеюіне үлес қосты. Мұндай бастамалар жастардың табиғатқа жанашыр көзқарасын қалыптастырып қана қоймай, қоғамда экологиялық жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.

Таза қала – өзімізден басталады!
Табиғатты аялайық, тазалықты бірге сақтайық!