Дайындық тобымен қоштасты

№1 Ұлытау орта мектебінде мектепалды дайындық тобының жетекшісі Балкен Байконованың ұйымдастыруымен «Қош бол, даярлығым!» атты қоштасу салтанаты өтті.

Жиын барысында балғындар сауат ашу мен математика пәнін қаншалықты меңгергенін көрсетті. Одан кейін ән шырқап, би биледі. Ұлдар «Ұландар» биін, қыздар «Қарлығаш» биін биледі. Мұның соңы «Кім жылдам?» ойынымен жалғасып, ептілік пен шапшаңдық сынға түсті.

Барлық бала Мақтау қағазымен марапатталды. Енді, былтыр мектеп табалдырығын имене аттаған 15 жеткіншек 1 сыныпқа қабылдануға әзір.

Шараны онлайн форматында тамашалаған ата-аналар балаларының сүйікті ұстазы Балкен Қыпшақбайқызына алғыстарын білдірді.

Сандуғаш ӨКІМБАЕВА,

ата-ана.