Зейнеткерлерге газет жаздырып берді
Астана қаласының тұрғыны Бекзат Үмбетов ұлытаулық 10 ардагерге демеушілік көрсетіп, аудандық «Ulytau» газетіне жаздырып берді.
Аудан орталығында тұратын 10 зейнеткер 2026 жылдың екінші жартыжылдығында «Ulytau» газетін алып тұратын болды.

– Осы күні газет-журналға тұрақты жазылып үзбей оқитын ардагерлер ғана. Осыны ескеріп, зейнеткерлердің газет оқуына ықпал жасап отырмыз.
Аудандағы ардагерлер клубында аудандық басылымның әр саны жинақталып, газет тігіндісі сақталған. Сол жерде ақсақалдарымыз газет оқып, ел жаңалықтарымен таныса алады.
Жақында ғана Бекзат Сейітжанұлы өз қаражаты есебінен ауылдың 10 зейнеткеріне «Ulytau» газетін жаздырып берді. Бұл азамат жыл сайын аудан ардагерлеріне қолдау көрсетіп жүр.
Атымтай жомарт азаматқа айтар алғысым шексіз, — дейді аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Серік Баймағанбетов.
Қайрат ЖҰМАБАЙ.
