«Аттандық сапарға…»

Жезді кентіндегі мектеп-интернатта оқу жылының аяқталуын паш еткен соңғы қоңырау соғылды. Пандемия жағдайындағы шектеу шараларына орай салтанатты жиын шағын көлемде өткізілді.

Жезді кентіндегі мектеп-интернатта оқу жылының аяқталуын паш еткен соңғы қоңырау соғылды. Пандемия жағдайындағы шектеу шараларына орай салтанатты жиын шағын көлемде өткізілді.

«Соңғы қоңырау» салтанаты Ту көтеру рәсімімен басталды. 11 сынып оқушысы Сәбина Әбдіқадыр мен 9 сынып оқушысы Әділет Маханов Көк байрағымызды көтеріп, Әнұран орындалды. Бұдан соң білім ошағының басшысы Серікбай Күнтуғанов оқушылар мен ата-аналарды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, түлектерге сәт сапар тіледі.

Салтанатты шарада жас түлек Асылжан Шәлтік 10 сынып оқушысы Жәнел Сапарға «Мектеп кілтін» табыс етіп, өсиетін қалдырды.

Жиын соңғы қоңырау соғу мен түйінделді. Оны соғу құрметіне 11 сынып оқушысы Жантөре Батырбеков пен 1 сынып оқушысы Еркемай Әйнек ие болды.

Аманкелді АҚШАЛ.

ЖЕЗДІ кенті.