«Таза Қазақстан» – тазалық әр адамнан басталады
Таза аула, таза көше, таза қала – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және туған жерімізді таза ұстауға бағытталған. Акция аясында сенбіліктер өткізіліп, ағаштар отырғызылып, қоғамдық орындар мен су айдындарының жағалаулары тазартылуда.

Тазалық – бір күндік шара емес, күнделікті өмір салты болуы керек. Әрқайсымыз қоқысты арнайы орындарға тастап, табиғатты аялап, айналамызға үлгі болсақ, еліміз одан әрі көркейе түседі.
