Мектеп бітіру кешін мейрамханада өткізуге тыйым салынды
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, мектеп бітіру кештерін мейрамхана, кафе, банкет залы, демалыс базасы мен табиғат аясында өткізуге тыйым салынды.

Сондай-ақ ата-аналардан ақша жинауға, сыйлықтар мен өзге де материалдық құндылықтар талап етуге жол берілмейді. Аттестат пен дипломды салтанатты табыстау рәсімі тек білім беру ұйымдарының қабырғасында ұйымдастырылады.
Бірлескен бұйрық түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған.
