Конституция – ел дамуының стратегиялық бағыты

Қазақстан Республикасының Конституциясы – ел дамуының басты бағдары мен мемлекеттің тұрақты дамуының негізі. Ата Заң қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қызмет етеді. Конституция – тәуелсіз еліміздің өркендеу жолындағы стратегиялық құжат.

Бүгінде Конституция қағидаттары еліміздің саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуында маңызды рөл атқарып келеді. Мемлекетімізде заң үстемдігін қамтамасыз ету, әділетті қоғам қалыптастыру, азаматтардың әл-ауқатын арттыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Әрбір азаматтың құқықтары мен міндеттері заң аясында айқындалып, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлік сақталуда.
Конституция – тек заңдар жиынтығы ғана емес, ол халықтың болашаққа деген сенімінің кепілі. Ата Заң арқылы елімізде демократиялық құндылықтар нығайып, мемлекеттік басқару жүйесі жетілдірілуде. Бұл өз кезегінде елдің дамуына, халықтың тұрмыс сапасының артуына оң ықпал етуде.
2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдум ел өміріндегі маңызды саяси оқиғалардың бірі болды. Жалпы халықтық дауыс беру барысында азаматтар мемлекет болашағына қатысты маңызды мәселелер бойынша өз таңдауын жасап, ел дамуына белсенді қатысатындықтарын көрсетті. Бұл – қоғам мен мемлекет арасындағы сенімнің нығайғанының айқын көрінісі.
Референдум – демократиялық қоғамның басты тетіктерінің бірі. Ол халықтың пікірін ескеріп, ел тағдырына қатысты маңызды шешімдерді көпшілік болып қабылдауға мүмкіндік береді. Сондықтан, референдумның маңызы зор, ал азаматтардың белсенділігі – ел болашағына деген жауапкершіліктің белгісі.
Конституцияны құрметтеу, заң талаптарын сақтау және құқықтық мәдениетті қалыптастыру – әрбір азаматтың міндеті. Өйткені, заң үстемдік құрған елде тұрақтылық пен даму болады. Ал, тұрақтылық – ел болашағының берік кепілі.

Маржан БӨЛЕГЕНОВА,
Ұлытау аудандық ішкі саясат бөлімінің бас инспекторы.