Заң мен тәртіп – Қазақстанның берік негізі

Қоскөл станциясы КПб бастығы, полиция майоры Данияр Ғазизұлы жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында тұрақты жұмыс жүргізуде. Қызмет заң талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, құқық бұзушылықтардың алдын алуға басымдық берілген.

Қоскөл станциясы аумағы арқылы өтетін жолаушылар пойыздарында Қоскөл станциясы КПб қызметкерлері тарапынан үнемі профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Рейд барысында жолаушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу мәселелері назарға алынады.
Сонымен қатар, жолаушыларға интернет алаяқтықтың алдын алу, жеке деректерді қорғау, күмәнді сілтемелер мен хабарламаларға сенбеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, заңсыз айналымдағы психотроптық заттардың қауіптілігі туралы ескертіліп, мұндай құқық бұзушылықтар үшін заңда қатаң жауапкершілік қарастырылғаны түсіндірілді.
№118 “Қызылорда – Павлодар” жолаушылар пойызында Қоскөл станциясы заң мен тәртіп аясында профилактикалық жұмыстар жүргізіп, жолаушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша түсіндіру шараларын өткізді.
Темір жол полициясы азаматтарды заң мен тәртіпті сақтауға шақырады. Қауіпсіздік – әркімнің ортақ жауапкершілігі екенін ұмытпағанымыз абзал.

Данияр ЖАНДАРБЕК,
Қоскөл ст.КПб бастығы,
полиция майоры.