Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының негізі

Құқықтық мемлекет құру жолында заң мен тәртіптің сақталуы – басты қағидалардың бірі. Қоғамда тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау – заң үстемдігіне тікелей байланысты.

Заң – қоғамдық қатынастарды реттейтін негізгі құрал болса, тәртіп – сол заңдардың орындалуын қамтамасыз ететін маңызды фактор. Әрбір азамат заң талаптарын сақтап, қоғамдық тәртіпті бұзбауға міндетті. Бұл – тек құқықтық талап қана емес, сонымен қатар азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.

Бүгінгі таңда құқықтық мәдениетті қалыптастыру, әсіресе жастар арасында заңға құрмет пен тәртіпке бағыну дағдыларын дамыту аса маңызды. Себебі саналы ұрпақ – ел болашағының кепілі.

Мемлекет тарапынан заңдылықты нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл бастамалар қоғамның әр мүшесінің белсенді қатысуын талап етеді.

Маржан БУЛЕГЕНОВА,
Ұлытау ауданының тұрғыны.