Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков ақын Мұхтар Шахановтың өмірден өтуіне байланысты марқұмның жақын-жуығына көңіл айтты.

«Ұлытау облысының әкімдігі Қазақстанның халық жазушысы, қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан біртуар тұлға – Мұхтар Шахановтың өмірден өтуіне байланысты қайғырып көңіл айтады.
Бар ғұмырын шығармашылыққа, ұлтқа қызмет қылуға арнаған жанның отты жырлары мен қайталанбас туындылары барда – арда азаматтың есімі ешқашан ұмытылмайды. Қоғам қайраткерінің өмір жолы – ұрпаққа үлгі, ал шығармалары — барша халыққа ортақ асыл қазына.
Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламатты болсын. Жаратушы иман байлығын нәсіп етсін»,-делінген көңіл айту жеделхатында.
Дастан РЫСПЕКОВ,
Ұлытау облысының әкімі.
