Полиция жаңа алаяқтық тәсілі туралы ескертті

Алаяқтар азаматтарға мемлекеттік контакт-орталықтың нөмірінен келгендей SMS жолдап, «айыппұл салынды» деп хабарлайды. Хабарламада тексеру немесе төлеу үшін сілтеме ұсынылады.

Алаяқтар eGov порталына ұқсас жалған интерфейс жасап, кез келген деректі енгізсеңіз де «айыппұл бар» деген жалған ақпарат көрсетеді. Кейін «төлеу» батырмасын басқанда банк картасының толық деректерін сұрайды.

Күдікті сілтемелерге өтпеңіз, белгісіз сайттарға жеке деректеріңізді енгізбеңіз. Мұндай жағдайға тап болсаңыз, бірден құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.