Әскери парад болмайды
2026 жылы 9 мамыр – Жеңіс күні мен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Қазақстанда әскери парад өтпейді.
Қорғаныс министрлігі оның орнына әскери-патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылатынын хабарлады.

Бағдарламада ерлік дәрістері, ардагерлерді құрметтеу, үздік жауынгерлерді марапаттау, әскери оркестрлер шеруі және шығармашылық концерттер бар.
Сондай-ақ әскери техника көрмесі, «сарбаз ботқасы» акциясы, ашық есік күндері және экологиялық шаралар өткізіледі.
Айта кетейік, Қазақстанда соңғы әскери парад 2019 жылы өткен.
