Сенбілік – тазалық таразысы
Ұлытау ауданында тазалықты сақтау және қоршаған ортаны көркейту мақсатында сенбілік өтті. Аудан әкімдігінен бастап мекеме ұжымдарының қызметкерлері белсенді қатысып, белгіленген аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, сенбілік ауданға қарасты барлық кенттер мен ауылдық округтерде бір мезгілде ұйымдастырылды.

Сенбілік барысында көшелер мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, айнала ретке келтірілді. Орталық алаңда көңілді әуен қойылып, қатысушылар көтеріңкі көңіл-күймен белсенді еңбек етті. Қатысушылар өздеріне бекітілген аумақтарды абаттандыруға үлес қосып, туған жердің тазалығына жауапкершілікпен қараудың үлгісін көрсетті.
Осы орайда аудан тұрғындарын да тазалық жұмыстарына белсенді қатысуға шақырамыз. Әр үйдің айналасы мен ауласын ретке келтіріп, қыстан қалған қалдықтарды тазартуды сұраймыз.
Мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.
⠀
Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
