Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – Наурыз мейрамымен құттықтаймыз!

Ұлыстың ұлы күніне балаған жыл басы – Наурыз бірлік пен береке мейрамы. Айбыны асқақ, ізгілік шашқан тамыры терең, өнегелі өркениетіміздің өлшемі. Бұл – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан, тарихтың тереңінен тамыр тартқан халқымыздың қастерлі мерекесі.
Наурызда Табиғат-Ана түрленіп, күн мен түн теңесіп, халқымыз алдағы күндерден зор үміт күтеді. Сондықтан, біз үшін жылдар бойы сабақтастығын үзбеген Наурыз мейрамының орны бөлек.
Дана халқымыз «Ұлыстың ұлы күні қазан толса, ол жылы аналар қалжалы болар, ұлы кісі бата берсе, ол жылы ел олжалы болар» деген қанатты сөзі бар.
Ең бастысы, біз Қазақстанды барша әлемге танымал етіп, мемлекетіміздің Тәуелсіздігін нығайтып келеміз.
Үлкендерге құрмет көрсетіп, кішілерге қамқорлық жасайтын дәстүріміз бойынша Наурыз мерекесін қарсы ала отырып, қоғамда жоғары адамгершілік игіліктерді насихаттаймыз. Жас ұрпақты ізгілікті істерге бағыттап, отансүйгіштік рухта тәрбиелейміз.
Бұл мейрам халқымызды біріктіретін көктемнің жадыраған Наурыз мерекесі табиғаттың ғана емес, адамзаттың рухани қасиеттерінің де жаңару кезеңі болып саналады.
Қадірлі жерлестер!
Көктемнің осынау шуақты сәтінде Сіздерге және өздеріңізге жақын жандарға мықты денсаулық, толағай табыс пен отбасы бақытын тілейміз. Біздің ортақ Отанымыз – Қазақстанның өркендей беруі жолында атқаратын жасампаз істеріңіз қашанда жемісін бере берсін!
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!
Аманжол МЫРЗАБЕКОВ,
Ұлытау ауданының әкімі.
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
аудандық мәслихаттың төрағасы.
