Облыс әкімі жеке қабылдау өткізді
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков кезекті рет өңір тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға бұл жолы үш өтініш тіркелген.

Көтерілген мәселелер негізінен жол саласы қызметкерлерінің материал тасымалдауда туындаған мәселелері, жер телімін алу және кезек бойынша үй алуға қатысты сұрақтарды қамтыды.
Өңір басшысы барлық ұсыныс пен өтініштің заң аясында мұқият қаралуы қажеттігін атап өтіп, жауапты басқармаларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Айта кетейік, Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтің қабылдауына 8 710 2 60 02 96 нөмірі арқылы және E-otinish ақпараттық порталы арқылы жазылуға болады.

