Жаңа Конституцияда әйелдер құқығы мен жеке өмірге қол сұқпаушылыққа басымдық берілді
Қазақстан Конституциясының жаңа редакциясында некедегі тең құқықтылық нақты бекітіліп, әйелдердің құқықтарын қорғау тетіктері күшейтілді. Бұл қадам қоғамдағы әділеттілік пен тең мүмкіндіктер қағидатын нығайтуға бағытталған.

Сонымен қатар Конституция жобасы азаматтардың жеке өміріне қол сұқпаушылық құқығын айқындап, әр адамның ар намысы мен жеке кеңістігін қорғауды басты құндылықтардың бірі ретінде бекітеді.
Бұл өзгерістер құқықтық мемлекеттің берік негізін қалыптастырып, әр азаматтың қауіпсіздігі мен сенімін арттыруға бағытталған.

