Құрметті жерлестер!
Құрметті Ұлытау облысының тұрғындары!
Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Рамазан – рухани тазару мен сабырдың, мейірім мен кешірімнің айы. Бұл – адам баласын ізгілікке, қайырымдылыққа, өзара құрмет пен жанашырлыққа үндейтін ерекше кезең. Ораза ұстау арқылы әрбір мұсылман жүрегін нұрландырып, ниетін жаңартып, сабыр мен шүкіршілікке бет бұрады.
Біздің өңірімізде татулық пен бірлік әрдайым берік. Қасиетті айда жасалатын сауапты істер, мұқтаж жандарға көрсетілетін көмек, үлкенге құрмет, кішіге ізет – қоғамымыздың рухани тұтастығын нығайта түседі.
Қадірлі жерлестер!
Қасиетті Рамазан айы баршаңызға амандық, отбасыларыңызға тыныштық пен молшылық әкелсін. Ұстаған оразаларыңыз қабыл болып, тілеген дұға-ниеттеріңіз орындалсын!
Дастан РЫСПЕКОВ,
Ұлытау облысының әкімі.

