Қазақстан Қарулы Күштерінде жоспарлы тексеру жүргізіледі

ҚР Қорғаныс министрінің Қарулы Күштердің әскери басқару органдары мен әскери бөлімдеріне жоспарлы тексеру жүргізіледі.
Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.


«Осыған орай 16–18 ақпан аралығында Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында әскери техниканың қозғалысы жүзеге асырылады. Соған байланысты автожолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін», – делінген хабарламада.