Наурыз айындағы ҰБТ: Өтініш қабылдау мерзімі белгілі болды

Наурыз айындағы ҰБТ-ға өтініштер 15-25 ақпан аралығында қабылданады.

Өтініш беру Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Тестілеу 1 наурыз – 6 сәуір аралығында өтеді.

Айта кетейік, талапкерлер өтініш беру кезінде тестілеу өтетін орынды, күнді және уақытты өз қалауы бойынша таңдайды.