Үш қаладағы ЖЭО құрылысы сәуірде басталуы тиіс

«Самұрық-Қазына» қаңтардың соңына дейін Көкшетау, Семей және Өскеменде ЖЭО салу бойынша келісімшарттар жасайды. Премьер-Министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында осындай тапсырма берді.

«Құрылыс жұмыстарына алдымыздағы сәуір айында кірісу керек. 2-ші ГРЭС-ті кеңейту бойынша құрылыс барысын ерекше бақылауға алу қажет. Сондай-ақ биыл Курчатовтағы Жылу электр орталығы және Екібастұздағы 3-ші ГРЭС жобаларының техникалық құжаттамасын дайындауды аяқтау керек», – деді Үкімет басшысы.