Үкімет экономиканы дамытуға ғылымды тартуды күшейтеді

Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ғылымның рөлін арттыру қажеттігін атап өтті.

Президент экономиканың түрлі салаларын дамытуға ғылыми әлеуеттің толық пайдаланылмай отырғанын сынға алды.

Біз қолда бар ғылыми әзірлемелерге сүйеніп, өзекті зерттеулерге тапсырыстарды жедел қалыптастыруға тиіспіз.

Жуырда мен Ғылым академиясының өкілдерімен кездесу өткізуді жоспарлап отырмын, онда өзара іс-қимылдың жаңа тетіктерін талқылаймыз, —  деп атап өтті Олжас Бектенов.