Басқармада – жаңа басшы

Ұлытау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы болып Серікболсын Сандыбаев тағайындалды.

Серікболсын Галиддинұлы 1992 жылы дүниеге келген.

2006-2009 ж.ж. Қытай Халық Республикасындағы Beijing World Youth Академиясында білім алған.

Абылайхан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін халықаралық құқық мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы қаласында «БанкЦентрКредит» АҚ-да заңгер болып бастаған.

2018-2020 жылдар аралығында Алматы облысы, Талғар ауданының Кеңдала ауылдық округінде жетекші маман, Талғар аудандық мәслихат аппаратында бас маман, Талғар ауданының ауыл шараушылық бөлімінде бас маман және Талғар ауданы әкімінің аппаратында бас маман – мемлекеттiк инспекторы болып жұмыс атқарды.

2020-2021 ж.ж. Алматы қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығы қызмет сапасын бақылау бөлімінің басшысы.

2021-2022 ж.ж. Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының бас маманы.

2022-2023 ж.ж. «Turkistan» индустриалды аймақтардың басқарушы компаниясы бас директорының орынбасары болған.

2023-2024 ж.ж. Түркістан облысының мәдениет және туризим басқармасы «Open Turkistan» Туристік ақпараттық орталығының бас директоры болып қызмет етті.

2024 жылдан бастап, осы тағайындауға дейін Ұлытау облысы әкімінің көмекшісі болды.