«Өзім және замандастарым жайында»
Рухани ортамыз тағы бір жаңа кітаппен толықты. Жақында Ұлытаудың тумасы Уәли Әкпарұлының «Өзім және замандастарым жайында» деген жаңа кітабы оқырман қолына тиді.

Жинаққа Уәли Әкпарұлының әр жылдары жазылған өлеңдері, әңгімелері, естеліктері топтастырылған. Онда Уәлидің өмір белестерінің жарқын кезеңдері суреттелген. Автор өзі жазған шағын әңгімелерінде өткен шақты ой елегінен өткізіп, сыныптастарымен бірге жүрген күндерін еске алады. Әр жазбалары оқуға жеңіл, оқырманды соңынан ертіп отыратын көркем туынды.
Ал, замандастары туралы жазылған өлеңдерінде ақын пайымы кім-кімді болса да бейжай қалдырмасы анық. Өлеңдері көркем тілмен, келіскен теңеулермен ажарлы көмкерілген. Өз оқырманын жазбай тауып, жаңылмай баурайды деген ойдамыз. Бұл – жинақтың шығуына Уәли марқұмның інісі Ербол Байболовтың қолдау көрсеткенін айта кеткен де жөн.
Кітап жас жазушы Арман Әлменбеттің редакторлығымен жарыққа шығып отыр.
Қайрат ЖҰМАБАЙ.
