Ерлігін мақтан тұтамын

ХХ ғасырдың ең бір қанды қасіреті Екінші дүниежүзілік соғыс. Оған қатысқандар – ұрпақтың мәңгілік зердесінде. Солардың бірі – майданда от кешіп, Жеңіске үлесін қосқан атам Нәзір СҰРАҒАНҰЛЫ.

Ол кісі 1918 жылы Ұлытау ауданы, Қорғасын ауылында дүниеге келген. Балғын шағында әуелі әкеден, кейін шешеден айырылып, қайғы-қасірет шегеді. Амалсыз Қызылорда қаласындағы жетімдер үйіне орналасады.

Әскер қатарына 1940 жылы ауылшаруашылық техникумында оқып жүргенде Сыр елінен шақырылады. Сол жақтан майданға аттанған атам Жеңіс туы желбірегенге дейін жойқын соғыстың бел ортасында болады. Қанды қырғын аяқталар тұста оң иығынан ауыр жараланып, қайсарлығының арқасында аман қалады. Ұлы Жеңісті Берлинде қарсы алады.

1946 жылы өзінің туған ауылына оралып, Сәбира Ғалықызымен отбасын құрады. Екеуі дүниеге ұрпақ әкеліп, тәрбиелейді.

Соғыс алапатында болған атамды өзім көрмесем де, ерліктерін естіп, мақтан тұтамын.

Кәусар МАРҒҰЛАНҚЫЗЫ,

№1 Ұлытау орта мектебінің 4 сынып оқушысы.