Ұлытау облысында шағын жинақты ауыл мектептеріне арналған TopIQ Mobil Box кешендерін табыстау салтанаты өтті
Ауылдық және шалғай аймақтардағы білім беру ұйымдарын цифрландыруға бағытталған TopIQ Mobil Box жоғары технологиялық кешендерін табыстау салтанаты өтті. Шара барысында білім беру ұйымдарына 42 планшет табысталды.


TopIQ Mobil Box – интернетке тәуелсіз жұмыс істейтін, заманауи оқу контентін сақтайтын және білім алушылар мен педагогтерге қолжетімді инновациялық құрал. Жоба ауыл мектептерінің білім беру мүмкіндіктерін кеңейтіп, өңірдегі цифрлық алшақтықты қысқартуға бағытталған.

Шараға «Алматы кітап» баспасының вице-президенті Гүлнұр Серікқызы Құдайберген, Ұлытау облысының білім басқармасы, қала және аудандық білім бөлімдерінің басшылары қатысып, құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
