Үкімет басшысы түйткілді мәселелерді бақылауда ұстауды тапсырды

Үкімет отырысында еліміздің биылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің атқарылу барысы қаралды. Онда Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, Абай облысының әкімі Берік Уәли және Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтің баяндамалары тыңдалды.

Премьер-Министр Олжас Бектенов негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша еліміздің 12 өңірінде оң динамика қалыптасып отырғанын атап өтті. Олардың қатарында Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Түркістан,  Жетісу, Ұлытау облыстары, сондай-ақ Астана және Алматы қалалары бар.

Олжас Бектенов облыс әкімдері барлық мәселені тікелей бақылауға алуы қажет екенін баса айтты.

«Өңір әкімдері барлық түйткілді мәселені тікелей бақылауға алып, шұғыл түрде нақты шаралар қабылдауы қажет»,

— деп атап өтті Премьер-Министр.