1 МАМЫР: дерек пен дәйек
1 мамыр мерекесінің пайда болуына АҚШ мұрындық болғанымен, мереке бұл елде мүлдем тойланбайды. Испанияда бұл күн барлық гүлдердің мерекесі деп есептелсе, Гавай аралдарында Ұлттық би күні тойланады.
* * *
Берлин полициясы үшін күнтізбенің бұл күні – қызыл емес, «қара» күн. Себебі, көптеген партиялар мен қозғалыстар дәл осы күні митингке шығады. Мұндай қозғалыстар төбелес, жанжал, шайқаспен аяқталатыны белгілі. Сондай-ақ, солшыл және антиглобалистік экстремистер 1 мамыр күні неміс қалаларының бай және этникалық аудандарында ойран салып, бүлік ұйымдастырады.
* * *
Кеңес дәуірінде орыс ұлтында 1 мамырда дүниеге келген сәбилерге ұл болса «Первомай», қыз болса «Первомайка» деп ат қою үрдісі кең тараған.
* * *
Қазақ халқы ұғымында ертеректе 1 мамырды Еңбек күні деп есептеген.
* * *
Бүгінде әлемнің 36 мемлекеті 1 мамырды Жұмысшылар күні ретінде атап өтеді. Бұл күні думандатып тойлауды емес, еңбекке қызу кірісуді құп көреді. Олар 1 мамырды тамаша еңбек дәстүрлерін еске түсіріп, бақшаларды аударып, картоп, сәбіз, пияз өсіруге мүмкіндік беретіндігі үшін жақсы көрді.
* * *
ТМД елдері ішінде Ресей мен Молдова бұл мейрамда қатарынан бес күн демалады. Ал Әзірбайжан, Грузия, Түрікменстан мен Өзбекстанда 1 мамыр – жұмыс күні.
Ғаламтор желісіне үңілген
Ақгүл ҚҰДАЙБЕРГЕН.