Ел бірлігі – бейбіт өмір негізі
«Бірлік болмай – тірлік болмас» дейді дана қазақ. Халқымыз қашаннан елдің бірлігін, ағайынның татулығын ту етіп көтерген халық қой. Кешегі қиын-қыстау заманның адам төзгісіз ауыртпалықтарын қазақ халқының қонақжайлылығы мен жомарттығының, кеңпейілділігі мен дарқандығының арқасында ғана жеңе білдік.
Біздің ата-бабаларымыз – тағдыр тауқыметімен сол заманда Қазақстанға еріксіз қоныс аударылғандар. Қазақ халқы оларды «өзге ұлт өкілдері» деп өзекке теппей, қамқорлыққа алып, барымен бөліскен екен. Ата-аналарымыз қазақ халқымен ымыра-бірлікте болып еңбек еткен, ұрпақ өрбіткен. Ұрпақтары бүгінгі таңда ел экономикасын өркендету, дамыту жолында нәтижелі еңбек етуде. Олардың барлығы – қазақстандықтар!
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі, біз үшін ең мәртебелі мереке деп санаймыз. Көпұлтты Қазақстан бұл мейрамды ерекше сән-салтанатпен жыл сайын атап өтеді. Біз бар бақытты Қазақ елінен таптық. Осында өсіп-өніп, тамыр жайдық. Оқып, білім алдық, еңбек етеміз. Осының барлығы ел бірлігінің жемісі деп білеміз. Бірлік – бейбіт өмірдің негізін қалайды, ел бірлігінен асқан ештеңе жоқ! Елді бірлігінен айырмасын, ағайын!
Наталия ОЛТЯНУ,
молдаван ұлтының өкілі,
№11 Қоскөл орта мектебінің жұмыскері.
ҚАРАҚҰМ ауылы.