Жүйелі жоспар – нақты нәтиже
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы қоғамды жаңғыртуға, ойлау мәдениетін өзгертуге, жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Түсіне білсек, бұл Жолдау өмірімізге ерекше серпін бергелі тұр. Бүгінгі өзгермелі дәуірде халықтың да, мемлекет институттарының да жаңа деңгейге көтерілуі қажет.

Жаңа көзқарас – бұл ескі әдеттерден арылу, жаңашылдыққа ашық болу, тиімді шешім қабылдай алатын азамат қалыптастыру.
Ал жаңа ұлт сапасы – білімді, еңбекқор, жауапкершілігі жоғары, цифрлық сауатты, заңға құрметпен қарайтын қоғам.
Жолдауда айтылған бастамалар осы ұлт сапасын қалыптастыруға бағытталған. Экономикадағы реформалар, әлеуметтік қолдау, қауіпсіздік, білім беру мен технология салаларының дамуы – барлығы еліміздің жаңа даму кезеңін айқындайды.
Қорытындысында, бұл Жолдау – тек құжат емес, жаңару мен жаңғырудың нақты бағдарын көрсететін тарихи мүмкіндік. Жаңа көзқарас қалыптасқанда ғана жаңа сапалы ұлт пайда болады.
Медет ЖАБАҒИНОВ,
Қарсақбай кенті әкімі
аппаратының бас маманы.
