Аида Балаева: «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасының белсенді субьектісі – жастар
Мәдениет және ақпарат министрлігі үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып қоқыстарды жою, жасыл желектерді күтіп, баптау, тарихи-мәдени нысандарда тазалықты сақтау бағытында 75 мониторингтік іс-шара өткізді. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты.

«Әлеуметтік желілерде экологиялық қозғалыстың белсенді субьектісі – жастар. Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» экофестивальіне қатысып, бастаманың мән-маңызын одан әрі арттырды. Мониторинг нәтижесі бойынша 10 өңірден іріктелген экоблогерлер мен белсенділер «Таза Қазақстан» бастамасын жүйелі түрде насихаттап, өз аймақтарында тазалық акцияларын өткізуде. Бұл қоғамда экологиялық жауапкершілік, азаматтық мәдениеттің негізі деген идеологияның орнығып келе жатқанын айқын көрсетеді»,
— деді Аида Балаева.
