«00:00-ден кейін рұқсат етілген жылдамдық 66 км/сағ болатыны» жөнінде таралып жатқан хабарлама – жалған

Бұл жайында ҚР ІІМ хабарлап, ешқандай өзгеріс енгізілмегенін атап өтті.

Елді мекендерде жеңіл көліктер үшін бұрынғы стандарт сақталады – 60 км/сағ. Камералар жылдамдықты 70 км/сағ және одан жоғары болған жағдайда ғана тіркей бастайды.

ІІМ тексерілмеген хабарламаларға сенбеуге, ресми ақпаратқа жүгінуге шақырды.