«Полицияның қоғамдық көмекшілері» жобасы табысты жүзеге асырылуда
Аймақта азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және қоғамдық тәртіпті нығайту мақсатында «Полицияның қоғамдық көмекшілері» жобасы табысты іске асырылып келеді.

Жыл басынан бері жоба аясында 67 қоғамдық көмекші тартылып, олардың кәсіби дайындығын арттыру үшін 8 оқу семинары өткізілді. Сонымен қатар 54 рейдтік шара және қоғамдық орындарда 72 кездесу ұйымдастырылып, 2 150 азаматқа заңнама талаптары мен құқықтық тәртіп ережелері түсіндірілді.
Қоғамдық көмекшілер полиция қызметкерлерімен бірлескен рейдтер мен профилактикалық акцияларға белсене қатысып, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосуда. Олардың қатысуымен 271 құқықбұзушылық фактісі анықталды.
Жоба алдағы уақытта да жалғасын табады, ал құқықбұзушылықтың алдын алу және қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілетін болады.
