Таза Қазақстан – болашаққа аманат

Қазақстан – ұлан-ғайыр жері бар, табиғаты әсем, кең байтақ өлке. Дегенмен соңғы жылдары қоғамды алаңдататын өзекті мәселелердің бірі – қоршаған ортаның ластануы.

Әлемдік деңгейдегі экологиялық проблемалар біздің елімізді де айналып өтпеді. Осы орайда “Таза Қазақстан” идеясы – тек табиғатты қорғау науқаны емес, ұрпақтың санасын тәрбиелейтін ұлттық құндылыққа айналуы тиіс бастама. “Таза Қазақстан” – бұл болашақ ұрпаққа жасыл да салауатты ел қалдыру жолындағы жауапты қадам. Ол үшін әр азамат күнделікті өмірінде табиғатты аялауды, тазалық сақтауды әдетке айналдыруы қажет. Сонда ғана Қазақстан шын мәнінде таза да көркем елге айналып, әлемге үлгі бола алады.

Зауре БАЛШЫКБАЕВА,
Ұлытау аудандық мәслихат депутаты,
«AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі.