Елімізде мектеп асханалары ескертусіз тексерілмек
Білім ордаларындағы асханаларды ескертусіз тексеруге мүмкіндік беретін түзетулер әзірленді. Денсаулық сақтау министрлігі осындай бастама көтерген. Заң жобасы Сенаттың қарауына енгізілген.
Тамақтану, білім беру және тәрбиелеу объектілерін бақылау басқармасының басшысы Гүлшарат Қожатованың сөзінше, тексеріс туралы алдын ала хабарлау алынып тасталып, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарына мектептерде мониторинг жүргізу құқығын беру көзделіп отыр.