Ерлан Қарин: Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты беру тәртібі өзгереді
Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссия төрағасы Ерлан Қарин 2026 жылғы конкурс қорытындысына түсініктеме берді.

Оның айтуынша, ұсынылған туындылардың ешқайсысы комиссия мүшелерінің айқын басым дауысына ие болмаған. Сондықтан биыл сыйлықты беру туралы шешім қабылданбаған.
Ерлан Қарин мемлекеттік сыйлық тұлғаға емес, туындыға берілуі керек екенін атап өтті. Сондай-ақ сыйлықтың талаптары мен тәртібіне ауқымды өзгеріс енгізілетінін мәлімдеді.
Комиссия төрағасының сөзінше, 2000 жылдардан бері бұл сыйлық 60-қа жуық адамға берілген. Мемлекет тарапынан қолдау артқандықтан, сыйлыққа ұсынылатын туындылар да жоғары талаптарға сай болуы қажет.
