Президент бірқатар ауыс-түйіс жасады

Мемлекет басшысының Жарлығымен:

▫️Тамара Босымбекқызы Дүйсенова мен Ернар Жеңісұлы Баспаев ҚР Президентінің көмекшісі лауазымынан;

▫️Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев ҚР Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан;

▫️Күнсұлу Дальтонқызы Закария ҚР Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ:
▪️Бақытжан Шаймұхаметұлы Сапиев ҚР Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

▪️Ал Әлихан Қайыргелдіұлы Жамсатов ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.