БҰҰ Бас ассамблеясы: Мемлекет басшысы ТМД елдері Президенттері ішінде алғашқы болып мінберге шығады
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясындағы Жалпы дебатта сөз сөйлейді. Шарада ТМД елдері Президенттері ішінде алғашқы болып мінберге шығады.
Айта кетейік, бұған дейін Президент бірқатар жеке кездесу өткізді. Американың әлемге әйгілі бизнес өкілдерімен жүздесіп, Қазақстанға инвестиция тартуға шақырды.