Министр медицина қызметкерлеріне қарсы зорлық-зомбылықты тоқтатуды талап етті

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қостанай және Қарағандыда болған оқыс оқиға жөнінде мәлімдеме жасады.

«Бұл – тек бір дәрігерге жасалған шабуыл емес. Бұл – ондаған пациенттің қараусыз қалуы, ондаған операцияның кейінге шегерілуі. Бұл – бүкіл денсаулық сақтау жүйесіне төнген тікелей соққы. Шабуыл жасалған қабылдау бөлімдері – онсыз да қаупі жоғары аймақтар», – деп атап өтті министр.

Медицина қызметкерлеріне жасалған шабуыл үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған заңнамалық өзгерістер биылғы қыркүйекте Парламентке енгізілмек.