«ҚОСКӨЛІМ – АЛТЫН БЕСІГІМ» атты тақырыпта жазба ақындардың аумақтық (Ұлытау облысы, Қарағанды облысы және Қызылорда облысы) мүшәйрасы өтеді

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ, ҰЛЫТАУ АУДАНЫ,
ҚОСКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ
50 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ
«ҚОСКӨЛІМ – АЛТЫН БЕСІГІМ» атты тақырыпта өтетін жазба ақындардың аумақтық (Ұлытау облысы, Қарағанды облысы және Қызылорда облысы) мүшәйрасының
ЕРЕЖЕСІ

Бас демеуші Абдулла Саят Хамзатұлы мен «Қоскөл — Қарақұм» қоғамдық бірлестігінің қаржылай қолдауымен «ҚОСКӨЛІМ – АЛТЫН БЕСІГІМ» атты тақырыпта жазба ақындардың аумақтық (Ұлытау облысы, Қарағанды облысы және Қызылорда облысы) мүшәйрасы өтетіндігін жариялайды.
Аталмыш демеушілердің ұйымдастыруымен өткізілетін жыр сайысының мақсаты – қасиетті Ұлы Даланың төрінде орналасқан Қоскөл ауылының тарихи жолын, табиғи байлығын, рухани мұрасын, еңбекқор халқын жырға қосу арқылы өскелең ұрпаққа үлгі ету, отансүйгіштік пен туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру.
Нақты мақсаттары:
1. Қоскөл ауылының тарихын, шежіресін, елге еңбегі сіңген тұлғаларын дәріптеу;
2. Ауылдың көркем табиғаты мен мәдени құндылықтарын насихаттау;
3. Жас ақындар мен сөз өнеріне құштар азаматтарды қолдау, шабыттандыру;
4. Туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырып, ұлттық рухты күшейту;
5. Қоғамда ауыл мәртебесін көтеріп, оның ел дамуындағы рөлін көрсету.
Мүшәйраны өткізу тәртібі мен шарттары:
— Ақындардың жас шамасына шек қойылмайды;
— мүшәйраға әр ақын үш өлең жолдауы тиіс;
— мүшәйра шарттарына сай келмейтін шығармалар қатыстырылмайды, жарияланбайды;
Байқауға ұсынылған шығармалар мынадай үлгіде компьютерде терілуі керек: Word, Times New Roman, кегль №14, аралық интервал 1. -шығарма мәтіні электрондық нұсқада қабылданады. Автордың тегі, аты, жөні, шығарманың аты көрсетіледі. Ұсынылған шығармамен қоса автор өзі туралы қысқаша мәлімет (өмірдерек), 6х9 фотосуретін, байланыс телефоны мен оқу, жұмыс орыны туралы мәліметті қоса тапсыруы керек;
— үміткерлердің шығармалары 2025 жылдың 10 тамызына дейін қабылданады;
— мүшәйраның қорытындысы осы жылдың 10 тамызында өтеді деп жоспарлануда (қазіргі жағдайға байланысты өзгерістер болып жатса, қосымша хабарланады);
— қабылданған шығармалар қазылар алқасының сараптауынан өтеді. Лайықты деген шығармалар марапаттауға ұсынылады;
— марапаттау рәсіміне жүлдегерлер ғана шақырылады және арнайы ұйымдастырылып жатқан Қоскөл ауылында 16 тамызда өтетін мерекелік іс – шарада салтанатты түрде табысталады, іссапар шығыны (барып қайту жолы (поездбен), жатын орын ақысы, тамақтану) ұйымдастырушы тарап есебінен;
— бұдан бұрын конкурсқа қатысқан немесе баспасөз бетінде жарияланған шығармалар қабылданбайды;
— қолжазба авторға қайтарылмайды, қазылар шешімі қайта қаралмайды;
— мерзімінен кешіктірілген шығармалар сараптауға жіберілмейді;
— қазылар алқасының қорытындысы бойынша жүлдегерлерге дипломдар мен сыйлықтар беріледі;
— мүшәйра қорытындысын шығарар тұста қазылар алқасы мен ұйымдастырушы тарап арасындағы өзара келісім бойынша жүлде саны мен жүлде мөлшерінде өзгерістер болуы мүмкін;
Мүшәйра талаптары: 
Ұсынылған өлеңдердің:
— біреуі Қоскөл ауылының тарихын, шежіресін, көркем табиғаты мен мәдени құндылықтарын насихаттау; Қоғамда ауыл мәртебесін көтеріп, оның ел дамуындағы рөлін көрсету.

— екінші өлең аймаққа танымал болған және Қоскөл ауылына еңбегі сіңген тұлғаларының өмірі мен азаматтық тұлғасы жайлы;
— үшінші өлең еркін тақырыпта болуы шарт.
Жүлделер:
Бас жүлде — 1 000 000 (бір миллион) теңге.
1-орын (біреу) – 500 мың теңге;
2-орын (біреу) – 300 мың теңге;
3-орын (біреу) – 200 мың теңге;
4-орын (біреу) – 100 мың теңге;
5-орын (біреу) – 70 мың теңге;
6-орын (біреу) – 50 мың теңге.
Шығармалар мына электрондық пошта арқылы қабылданады: mushairaKoskol@gmail.com
Қабылдап алушы тұлғаның аты-жөні мен байланыс телефондары: Нұртазинова Ақбаян Серікқызы, ұялы тел: 8-747-694-85-15.
Мүшәйраға қатысқан өлеңдер іріктеліп, жеке жинақ болып шығарылады.
Қосымша мәлімет алу үшін жоғарыда көрсетілген жауапты тұлғаға хабарласуға болады.