Премьер-Министр: Қазақстанда девальвация болмайды
Үкімет басшысы Олжас Бектенов теңге бағамына қатысты пікір білдірді.
«Теңге бағамының күрт әлсіреуіне алғышарт жоқ. Біз бюджет жобасымен жұмыс істеп жатырмыз және доллардың теңгеге қатысты базалық бағамын бір баррель мұнай бағасы шамамен 60 доллар болған жағдайда 540 теңге көлемінде қарастырамыз. Егер мұнай бағасы 50 долларға дейін төмендеп кетсе, онда пессимистік сценарий іске қосылады және басқа тетіктер жұмыс істейді», – деді О.Бектенов.
Сонымен қатар 2026 жылдан бастап ҚҚС (НДС) мөлшерлемесі 16%-ға өседі. Алайда Премьер-Министр Олжас Бектеновтың айтуынша, бұл тұрғын үй бағасына айтарлықтай әсер етпейді.