Ветеринария – саулық пен салауат негізі
Жаңаарқа ауданындағы заманауи пункттің құрылысына бөлінген қаражат — 20 миллион теңге. Қазіргі уақытта конкурс жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінде облыс бойынша 35 ветеринарлық пункт жұмыс істейді, оның барлығы әкімдік пен аудандық ветеринарлық станциялар ғимараттарында орналасқан.
Айта кету керек, Түгіскен ауылындағы жаңа ветеринарлық пункт жеке ғимарат болып, ауыл сыртында орналасады.
Бұл жобалар — Ұлытау облысында ветеринария саласын дамытуға, жануарлардың денсаулығын сақтауға және тұрғындар үшін қауіпсіздік шараларын күшейтуге бағытталған маңызды қадамдар.