Ұлытау ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы
Ұлытау ауданы бойынша 2025 жылға 451050-Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту бағдарламасына 44092,0 мың теңге бөлініп, оның 8700,0 теңгесі игерілді.
Ұлытау ауданы бойынша барлығы 403 мүгедек бар: І топ- 28, ІІ топ — 226, ІІІ топ- 149 және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар -31. Оның ішінде есту бойынша мүгедектер -3, көру бойынша мүгедектер-6, тірек қозғалу нашар мүгедектер-15, кресло-арбамен жүріп тұратын мүгедектер-7.
2025 жылдың 5 айында Әлеуметтік қызмет көрсету порталына 96 мүгедектігі бар адамдардың оңалтудың жеке бағдарламалары бойынша 63,5% пайызға орындалып отыр. Оның ішінде:
№ Оңалтудың жеке бағдарламаларының іс-шара атауы 2025 жылдың 5 айына Ескерту
жоспар орындалысы
1 Жүріп-тұруы қиын 1-ші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге қызмет көрсету
1
1
2 Мүгедектерді санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз ету 44 13 қаңтар-желтоқсан айлары аралығында өз кезектерін күтуде 31 адам
3 Мүгедектерді кресло-арбалар беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу
1
1
4 Мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу
46
42 Мердігерлердің тауарды жеткізіп беруін күтуде 4 адам
5 Мүгедектерді протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу
4
4
6 Мүгедектерді сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу
0
0
7 Мүгедектерді тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттарды ресімдеу
0
0
8 Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін құжаттарды ресімдеу
0
0
Барлығы 96 61
Орындалысы % 63,5%
«Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша, амбулаториялық емделу кезінде әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауырған 6 адамға бір реттік (30 АЕК 117 960 теңге) әлеуметтік көмек төленді.
Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2021-2025 ж.ж. арналған «Кедергісіз келешек» жобасын іске асыру шеңберінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға стандартқа сәйкес пандустармен, бейімделген дәретханалармен, көзі көрмейтіндерге арналған бағыттаушы белгілермен Ұлытау ауданы бойынша 2025 жылы 27 нысанды бейімделу жоспарланып, «Қолжетімді интерактивтік картасына», іnva.gov.kz порталына 100% енгізілді. Барлық ғимараттарға бейімдеу жүргізу жөнінде хат жолданды.
Ұлытау ауданы бойынша мүгедектердің құқықтарын іске асыру, олардың тыныс-тіршілігі мен қоғамға етене араласуы үшін тең мүмкіндіктер жасау мәселелері бойынша біршама тұрақты жұмыстар ұйымдастырылып атқарылып келеді.
Ұлытау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі.