Балаларды қорғау күні мемлекеттік мереке болып бекітілуі мүмкін
Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің депутаттық сауалға берілген жауабында айтылған.
Светлана Жақыпованың айтуынша, бұл күні ата-аналар балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлайды.
«Елімізде отбасы институты мен отбасылық құндылықтарды нығайту мақсатында 1 маусым – «Балаларды қорғау күнін» мемлекеттік мереке ретінде белгілеуді мүмкін деп санаймыз», – делінген жауабында.