ӨЛЕКСЕ ӨРТЕЙТІН ПЕШ АЛЫНДЫ
Ұлытау облысында жануарлардың аса қауіпті жағдайлары тіркелген жағдайда қалдықсыз жою үшін Камаз автокөлігіне орнатылған жылжымалы инсинератор пеші алынды. Құны — 85 миллион теңге. Бұл пеш дизель отынымен жұмыс істеп, өңірдегі эпизоотиялық жағдайды бақылауға және аурудың алдын алуға мүмкіндік береді.
Ветеринария саласындағы қызмет сапасын арттыру мақсатында қажетті техникалармен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Өткен жылы облысқа 15 жаңа автокөлік берілген болса, биыл тағы автокөліктер сатып алу жоспарланған.