«Жомарт» кенішінде өндіріс қайта жанданды

Ұлытау облысындағы жеті жұмысшы қаза тапқан «Жомарт» кенішінде өндірісті қайта бастауға ресми рұқсат берілді.

Бұл туралы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев мәлімдеді.

Оның айтуынша, апат салдарын жою және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кешенді зерттеу жүргізіліп, техникалық шешімдер қабылданған.

— Ғылыми-зерттеу орталықтары, техникалық және сараптамалық ұйымдар мен компаниямыздың жұмыскерлері бірігіп атқарған тыңғылықты жұмыстың нәтижесінде «Жомарт» кенішінде өндірісті қайта бастауға ресми түрде рұқсат берілді. Аталған шешім кенжарлардың жағдайы, қауіпсіздік деңгейі және қызметкерлердің дайындығы жан-жақты сараланған соң қабылданды, — деді Нұрахмет Нуриев.