Қолдау қанат бітіреді
Жастарды қолдау кеңесінде жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, бағдарламалардың тиімді жүзеге асуы мен олардың өмір сүру сапасына ықпалы кеңінен талқыланды.
Баяндамашы: Аскер Нұржан – Ұлытау облысы Қоғамдық даму басқармасының маманы.
Кеңес барысында жастардың баспанаға қол жеткізуіндегі өзекті мәселелер, мемлекеттік және өңірлік тұрғын үй бағдарламаларының тиімділігі, сондай-ақ шешу жолдары қарастырылды.
Баяндамашы өз сөзінде ауыл және қала жастары арасындағы теңсіздік, өңірде жаңа тұрғын үй құрылысының төмен қарқыны және жас мамандарға арналған арнайы жобалардың жеткіліксіздігі секілді проблемаларға тоқталып өтті.
Кеңес қатысушылары тарапынан мынадай ұсыныстар берілді:
• Жеке құрылыс компанияларымен ынтымақтастықты арттыру арқылы тұрғын үй қорын ұлғайту;
• Ұзақ мерзімді жалға берілетін, кейін сатып алуға болатын тұрғын үй жобаларын іске асыру;
• Жас мамандарға арналған аймақтық тұрғын үй бағдарламаларын қабылдау.
Жастарға қолдау – еліміздің жарқын болашағына сенім. Әрбір қадам – жаңа мүмкіндіктерге жол ашады!