«Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының аудандық кезеңі басталды

Конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары отбасылар жіберіледі.

Төмендегі отбасылар конкурсқа қатыса алмайды:
1) Қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;
2) бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізімі:
1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
4) Ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі- бар болса;
5) Балаларды тәрбиеленгені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6) балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;
7) ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);
8) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.
«Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық конкурсына құжаттар 2025 жылғы 15 мамыр – 15 маусым аралығында Ұлытау ауылдық округі, Абай көшесі, 48 – ші үй мекен – жайы бойынша орналасқан «Ұлытау ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ – де қабылданады. Байланыс телефоны — +7(705) 629 18 53. Электрондық пошта: ovp-ulytau@mail.ru, конкурс ережесі: https://search.app/42UsLYZhN65BqRYJ8