Кітапханада өткен айшықты шаралар
Ұлытау аудандық орталық кітапханалар жүйесінің әдістемелік бөлімінің «Оқитын өлке» жобасы аясында «Туған жер – тұнған шежіре», Үздік ауыл энциклопедиясы және «Алмазды Мозайка әлемі», Үздік кестелеу қолөнер сайысы өткізілді. Мақсаты: туған өлке тарихының, туған жеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, туған ауыл туралы мәліметтер жинақтау және халықтың рухани байлығының бағалы құндылығы болып келетін кестелеу өнерінің заманауи түрін дәріптеу.
Үздік ауыл энциклопедиясының әділқазылар алқасының мүшелері «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және қорық музейінің ғылыми бөлімінің басшысы Азат Сабыржан, кітапхана басшысы Салтанат Ниязова, ішкі саясат бөлімінің бас маманы Жансая Мұрсалбек. Үздік ауыл энциклопедия сайысына қатысушылар дайындаған энциклопедияларын экран арқылы виртуалды түрде таныстырды. Кітапхана басшысы Салтанат Махмұтқызы энциклопедияларға жеке-жеке тоқталып, сыртқы және ішкі дизайнының көркемделуін, тарихын, экономикасын, әдебиеті мен мәдениеті және нысандары мен келбетін, т.б. хроникалары бойынша нақтылай айтып өтті. Қазылар алқасының шешімі бойынша Бас жүлдені Ұлытау ауданы орталық кітапханасының қызметкері Альмира Оспан иеленсе, бірінші орынды Қарсақбай кенті кітапханасының кітапханашысы Дүйсенкүл Мұқанова, екінші орынды Терісаққан ауылдық кітапханасының кітапханашысы Әсем Рысмағанбетова және Пионер ауылдық кітапханасының кітапханашысы Алтын Қыпшақбаева, үшінші орын иегерлері Қаракеңгір ауылдық кітапханасының кітапханашысы Гүлжамал Хамитова және Өрік Құрманбаевалар иеленді.
Үздік кестелеу қолөнері бойынша қазылардың шешімімен Бас жүлдені Жезді кенті кітапханасы, бірінші орынды Алғабас ауылдық кітапханасы, екінші орынды Ақтас және Қарсақбай кенті кітапханалары, үшінші орынды Сарысу және Пионер ауылдық кітапханасының кітапханашылары иеленді. Басқа қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді. Алдағы уақытта «Оқитын өлке» жобасы бойынша мәдени іс-шаралар жалғасын табатын болады.
Сандуғаш ДЮСЕНБАЕВА,
Ұлытау аудандық орталық кітапханасының әдіскері.