Ұлы Жеңіс – ұрпақ жадындағы мәңгілік мерей

Биыл Ұлы Жеңіске 80 жыл толып отыр. Бұл күн – адамзат тарихындағы ең ауыр соғыстың аяқталғанына, бейбіт өмірдің басталғанына дәлел болған тарихи сәт. Жеңіс – тек қарудың күшімен емес, жүректегі сеніммен, елге, жерге деген махаббатпен келген қасиетті ұғым.

Біз үшін 9 мамыр – тек мереке емес. Бұл күн – көз жасымен келген ерліктің, жанымен қорғаған ер бабаларымыздың рухына тағзым ететін күн. Миллионнан астам қазақстандық майданға аттанып, Отан үшін от кешті. Солардың қатарында Әлия мен Мәншүк секілді ару қыздарымыз, Бауыржан мен Талғаттай батырларымыз болды. Олар – ел тарихының мәңгілік жұлдыздары.

Бүгінгі бейбіт өмір – сол ерліктің нәтижесі. Біздің міндетіміз – сол кезеңнің қасіретін ұмытпай, келешек ұрпаққа шындықты жеткізу. Ерлік – ұмытылмайтын ұғым, ал Жеңіс – әрқашан біздің жүрегімізде!

Сәния МӘЖИТҚЫЗЫ,
библиограф.