Ұлы Жеңіс: Ерлік пен бейбітшіліктің мәңгілік символы
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы – халқымыздың қажырлы күресі мен төзімділігінің, батырлық пен ерліктің символы. Бұл – бүкіл адамзаттың бейбіт өмір сүруі үшін жанын берген миллиондаған жауынгерлердің рухына тағзым ететін күн.
Сол бір сұрапыл соғыста қаза тапқандар мен аман оралған ардагерлердің әрқайсысы – тарихтың тірі куәгері. Біз үшін олардың ерлігі – мәңгілік үлгі, сарқылмас рухани мұра.
Бүгінгі бейбіт өміріміз, тыныш таңымыз – сол боздақтардың жанқиярлық еңбегінің нәтижесі. Сондықтан Жеңістің 80 жылдығын тек мерейтой емес, рух пен патриотизмнің ұлы сабағы ретінде қабылдауымыз керек.
Біздің борышымыз – сол ерлікті ұмытпай, келер ұрпаққа жеткізу.
Мирас АБИШЕВ,
Ұлытау ауданының тұрғыны.